Калифорния университетінің профессоры кездесу өткізді

Университетімізге АҚШ-тың Калифорния университетінен қалалық жоспарлау және мемлекеттік саясат бойынша PhD,  профессор Сара О’Коннор келді. Кездесуге оқу ордамыздың профессор-оқытушылары мен докторанттары қатысты.
Аталған жиында Сара О’Коннор өзінің 2019 жылдан бері Қазақстанда зерттеу жүргізіп жүргенін айтты. Сонымен қатар, жұмыс барысында еліміздегі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындарымен көп сұхбаттасатынын жеткізіп, соған байланысты салыстырмалы анализ жасап жүргенін алға тартты. Сараның зерттеуі бойынша, қалалардың қарқынды дамуының негізгі себебі – әр қалаға тән мәдениет.
Түркістан қаласына алғаш рет келген АҚШ азаматы тұрғындардың қала дамуына деген көзқарастарын, пікірлерін білгісі келетіндігін баяндады. Кездесу қаланың қазіргі дамуы жайында өрбіген өзара сұрақ-жауаппен қорытындыланды.

Напишите свой вопрос

 

    ×