Университет ректоры Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
Сапар кезінде институт директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер Еуразия ғылыми-зерттеу институтының академиялық қызметі мен болашақтағы зерттеулері туралы ақпарат берді. Институт зерттеулерінің Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің миссиясы мен ұстанымына сәйкес жалғасатынын мәлімдеген доцент, доктор Вакур Сүмер, аймақтану бойынша төрт тілде ғылыми басылымдар жариялау арқылы, әсіресе, түрік және ағылшын тілдеріндегі зерттеулер мен әдебиетке үлес қосқанын мәлімдеді.
Доктор Жанар Темірбекова институт зерттеулерінің маңыздылығына тоқталып, академиялық іс-шараларды қалың көпшілікке жеткізу бойынша өз пікірі мен ұсыныстарын білдірді. Осы орайда ол институтта дайындалған журналдар мен басқа да басылымдарды насихаттау оң нәтиже беретінін де жеткізді. Осылайша ректор ғылыми ортада өзіндік орыны бар институт жұмысы көптеген мекемелер мен ұйымдарда, әсіресе Қазақстан мен Түркияда бұқаралық ақпарат құралдарында және оқырмандар арасында танымалдығы арта түсетінін айтты. Доцент, доктор Вакур Сүмер құнды ұсыныстары үшін доктор Жанар Темірбековаға алғысын білдіріп, осы және басқа да тақырыптар бойынша қажетті барлық зерттеулер жүргізілетінін мәлімдеді.

Напишите свой вопрос

 

    ×