Құрметті студент және әріптес қыздар!

Сіздерді 11 қазан – Халықаралық қыздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – қыздар қауымы бетпе-бет келетін мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызын назарда ұстау мақсатында пайда болған.
Дана халқымыз қыз баласын ерекше қадірлеген. Қыздарға төрін ұсынып, қоғамдағы орнына терең мән берген. Игі дәстүріміздің құндылықтарын қазіргі кезеңде де жемісті жалғастырып отырмыз. Қыздарымызға қай кезде де қамқор боламыз.
Шәкірт қыздарымыз – оқуда озат, қызметкер қыздарымыз – еңбекте табысты болсын! Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Жанар Темірбекова,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры.

Напишите свой вопрос

 

    ×