Ректор белсенді студенттерді қабылдады

Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы белсенді студенттермен кездесіп, өтініштері мен сұрақтарын тыңдап, жауап берді.
Кездесуге Жастар саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы Даркембай Аружан, Жастар орталығының басшысы Исмайлов Арман және белсенді студенттер қатысты.
«Студенттер – университеттің негізгі тірегі. Сондықтан сіздерге сапалы білім беру, жақсы жағдай жасау, өтініштеріңізді тыңдау, қызықты студенттік өмір сыйлау – басты міндетіміз. Біз жастардың пікірін ескереміз», – деді Жанар Амангелдіқызы.
Өз кезегінде, студенттер университет өміріне, жатақхана және өзге де мәселер бойынша ұсыныстары мен өтініштерін айтты.
Жанар Амангелдіқызы университет басшылығы жастарды қолдауға әрдайым дайын екенін атап өтті.

Напишите свой вопрос

 

    ×