Спорттық жетістіктеріміз еселенуде

Венгрия мемлекетінің астанасы – Будапешт қаласында гир спортынан жастар арасында ұйымдастырылған әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада университетіміздің студенті Ерболат Ахмет топ жарып, жүлделі 2 орынға ие болды!
Спортшымыздың жаттықтырушылары – Мұрат Серікбаев пен Баймұрат Абдукаримов.
Словения Республикасының бас қаласы – Люблянада жасөспірімдер арасында дзюдо спорт түрінен чемпионат өтіп, Еуропа Кубогі сарапқа салынды. Байрақты бәсекеде студентіміз Айман Ибрагимова қола жүлдені еншіледі!
Спортшы студенттеріміздің жетістіктері құтты болсын!

Напишите свой вопрос

 

    ×