Мажар ғалымдары Түркология ғылыми-зерттеу институтының қолжазбалар қорымен танысып, қызығушылық танытты

Университетімізге келген мажар ғалымы, профессор Сандор Папп пен Сегед университетінің халықаралық және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-ректоры, профессор Петер Закар Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен кездесті. Кездесу барысында Институттың ғылыми бағыттары жайында сұхбаттасып, қолжазбалар қорымен танысты. Түркология институының архив материалдарын көріп, араб, парсы, шағатай тіліндегі көне жазбалар мен литографиялық кітаптарға қызығушылық танытты. Венгрия ғылым академиясында доктор атанып, Сегед университетінің ежелгі, ортағасырлық және жаңа венгр тарихы кафедрасында қызмет атқарған ғалым Сандор Папп өзінің Шығыс халықтарының тарихы бойынша зерттеу жүргізіп жүргенін және Түркология институтының қолжазбалар қоры бойынша байланысып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқарғысы келетінін жеткізді.
Кездесу соңында Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Булент Байрам мажар ғалымдары Сандор Папп пен Петер Закар мырзаларға Университет және Институт ғалымдары атынан алғыс білдіріп, алдағы уақытта ғылыми байланыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Түркология ғылыми-зерттеу институты

Напишите свой вопрос

 

    ×