Пікірсайысшыларымыз жеңіспен оралды

Оқу ордамыздың дебатшыларынан құралған “IKTU DC” клубы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіз жастар алаңы” атты Республикалық пікір-сайыс турнирінде жүлделі І орынды иеленді.
Турнир Талдықорған қаласында ұйымдастырылып, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан 17 команда қатысты.
Тартысты бәсекеде студенттеріміз үздік атанып, І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы кубок және сертификатпен марапатталып, 200 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.
Шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!

Напишите свой вопрос

 

    ×