Білімгерлеріміз «TARAZ HACKATHON-2021» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен атты жас веб бағдарламашылардың республикалық байқау өткен болатын. Аталған байқауда университетіміздің Инженерия факультеті, Компьютерлік инженерия кафедрасының білім алушылары I орын иеленді. Біздің мақтаныштарымыз 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 4 курс білім алушылары Венера Асанова, Керимберди Корханов, Жылдыз Талайбекқызы және оларға бағыт бағдар берген жетекшісі, магистр оқытушысы Дилмурад Егембердиев.
Онлайн форматта өткізілген байқау 3 кезеңнен тұрды, барлық кезеңде біздің білім алушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсету арқылы ең үздіктер атанды.
Айта кетейік ,Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілген шара жастардың IT саласына қызығушылығын арттыру және жас таланттарды ынталандыру, олардың креативті ойларын іске асыру арқылы қоғамға жаңа бағыт енгізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Напишите свой вопрос

 

    ×