Университет оқытушылары БҰҰ құрылымдық ұйымдарымен тәжірибе алмасады

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова ҚР-дағы БҰҰ өкілдігінің Ақпараттық Бюросының басшысы Властимил Самек, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Серік Сейдуманов және осы институт өкілдерімен кездесті. Басқосуға оқу ордамыздың вице-ректорлары, декандары, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер де қатысты.
Ректор Жанар Темірбекова қонақтарға университетімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, жаңа жобалар жайлы құлақдар етті.
Өз кезегінде, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Серік Сейдуманов та мекеме қызметімен таныстырып, келешекте ортақ жобаларды қолға алуға ниет білдірді.
Кездесуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. ҚР-дағы БҰҰ өкілдігінің Ақпараттық Бюросының басшысы Властимил Самек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің потенциалын жоғары бағалап, нәтижелі жобалар жүзеге асатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, жиын барысында төмендегі мәселелер қаралды:
– БҰҰ құрылымдық ұйымдарында оқытушы-профессорлар құрамы (ОПҚ) үшін тағылымдамаларды ұйымдастыруға жәрдемдесу.
– Студенттер мен оқытушылар үшін ASPA, NISPAcee, AAPA сияқты халықаралық конференциялар, семинарлар мен форумдарға және Дубайдағы Дүниежүзілік саммитке және т.б. қатысу мақсатында сапарлар ұйымдастыру.
– ОПҚ, докторанттар мен магистранттарды БҰҰ ОДМ саласында бірлескен зерттеу өнімдерін жүргізуге тарту.
– ОПҚ үшін тәжірибе мен білім алмасу мақсатында АҚШ, Еуропа және Азияда Study-турларды ұйымдастыруға көмектесу.
Ректор Жанар Темірбекова қаралған мәселелер университет оқытушылары мен студенттеріне таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.
Шара соңында тараптар бірлескен жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

Напишите свой вопрос

 

    ×