Кентау кампусының жаңа тынысы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ауқымды бағдарламалар мен ірі жобалар жүзеге асуда. Білім сапасын арттырудың басты шарттарының бірі – университет ғимараттарын заманауи талапқа сай жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кешенді жұмыстар Кентау кампусы базасында жоғары деңгейде іске асып отыр.
Қазіргі таңда Кентау кампусында Инженерия факультетінің студенттері мен Дайындық орталығының тыңдаушылары білім алуда. Кампус базасында білім алушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Оқу ғимараттары мен жатақхана талапқа сай жаңғыртылған. Дәрісханалар мен лабораториялар білім беру үдерісіне қажетті құрал-жабдықтармен толыққанды жабдықталған.
Дайындық орталығы тыңдаушыларына сапалы білім берумен қатар, Кентау қаласының азаматтарына түрік тілі курсын ұйымдастыруды қолға алып отыр.
Кампустың студенттік жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, ғимарат шатыры ауыстырылды. Студенттердің бөлмелері жаңғыртылып, жатақхана тұрғындарына қажетті қызмет бөлмелерінің жұмыс сапасы артты.
Студенттер мен қызметкерлер үшін университет орталығынан түскі ас жеткізіледі. Кампуста Түркістандағы орталық асханадағыдай ас мәзірі ұсынылады.
Кентау кампусының директоры, профессор Камалбек Беркімбаев университет басшылығы тарапынан кампусқа кешенді қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді.
Доктор Армаған Зөхре бүгінгі таңда өзі жетекшілік ететін Дайындық орталығын университетіміздегі ең үлгілі орталық ету бағытында қызу жұмыс атқарылып жатқанын баяндады.
Кентау кампусында жаңару мен жаңғыру жұмыстары жоғары нәтижеге жетіп отыр және бұл жұмыстар жалғасын табады.

Напишите свой вопрос

 

    ×