СПОРТШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЖАРАП ТҰР

Оқу ордамыздың студенттері Нәбиева Бибіхан, Воисова Наргиза және Есімбек Назгүл Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орыннан көрінді.
Нәбиева Бибіхан Қазақ күресінен Семей қаласында ересектер арасында өкен жарыста І орын иеленді. Спортшы 52 кг салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Дәл осы сайыста 56 келіде өнер көрсеткен шәкіртіміз Воисова Наргиза күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, Дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында студентіміз Есімбек Назгүл 78 келі салмақта бақ сынап, тұғырдың 3 сатысынан көрінді. Дзюда бәсекесі 19-21 аралығында Орал қаласында өтті.
Айта кетейік, үш спортшы да Спорт және өнер факультетінде білім алады.
Шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Напишите свой вопрос

 

    ×