«Ясауи» командасы «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022» ұлттық кубогіне шақырту алды

Алматы қаласында Enactus Kazakhstan ұлттық офисінің ұйымдастыруымен «Enactus Kazakhstan Fall Collaboration Business Forum» атты жобалар көрмесі өтті. Еліміздің барлық аймағынан 40-тан астам команда жиналған шараға университетімізден «Ясауи» кұрамасы қатысты. Команда құрамы экология мамандығының 2-курс магистранты Зульфина Исмаилова (команда капитаны), Менеджмент мамандығының 2-курс студенті Қанат Әлшері, Қаржы мамандығының 2-курс студенті Бекзат Әбсадық, Биология мамандығының 3-курс студенті Даулет Шериев, Биология мамандығының 3-курс студенті Аяжан Асқанбек және команда эдвайзері, Экология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Қажымұқан Келесбаев сынды мүшелерден құралды.
Жобалар көрмесіне оқу ордамыздың «Ясауи» командасы өздерінің «Болашақтың фермасы: Аспалы бақша» аталатын жобаларымен қатысып, жұмыс прототипін іскерлік және академиялық ортада көпшілікке таныстырды. Жобаның негізгі көздеген мақсаты – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 15-ші мақсатына сәйкес, ауылшаруашылық алқаптарының тозуының алдын алу үшін дақылдарды өсіру барысында қолданылатын дәстүрлі әдістерді инновациялық жүйелермен алмастыруды көрсету. Білім алушыларымыздың аталған жобасы мен прототипі іскерлік және академиялық ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. Нәтижесінде келесі жылы өтетін «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022» студенттік, кәсіпкерлік стартаптар және инновациялар көрмесі мен ұлттық кубогіне қатысуға шақырту алды!
Білім алушыларымызды жетістігімен құттықтай отырып, алдағы сындарда сәтті әрі табысты болуларына тілектестігімізді білдіреміз.

Напишите свой вопрос

 

    ×