Университетіміз халықаралық білім беру көрмесіне қатысты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мұрындық болуымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Қырғызстан Республикасында халықаралық білім беру көрмесін ұйымдастырды. Бішкек қаласында «Шетелдегі қазақстандық білім күндері» тақырыбымен өткен халықаралық көрмеге университетіміз қатысты. Еліміздің алдыңғы қатарлы университеттері қатысқан білім көрмесі қазақстандық білімді шетелде танымал ету, жоғары білімнің сапасы мен экспорттық әлеуетін арттыру, Қазақстанның білім алуына сыртқы инвестицияларды тарту мақсаттарын көздейді.
Көрмеде Таттубек Мамытов, Элнарбек Абдугаппарұлы, Пашали Гасанов сынды университетіміздің қырғызстандық студенттері оқу орнымыз туралы келген қонақтарға кеңінен мәлімет беріп, университетімізге жастардың қызығушылығын арттырды.
Іс-шара қазақстандық білім берудің артықшылықтары мен қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруды нығайтуға, сондай-ақ білім беру бағдарламалары туралы толығырақ білуге бағытталған.

Напишите свой вопрос

 

    ×