Университетте «Түрктердің зияткерлік мирасы: «Құтты білік» атты конференция өтті

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орталық Кітапхана залында Түркология ғылыми-зерттеу институты мен Филология факультеті бірлесіп ұйымдастырған «Түрктердің зияткерлік мирасы: «Құтты білік» тақырыбында конференция болып өтті. Ақдениз университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы профессор, доктор Абдулла Көк өз баяндамасында алдымен түрік-ислам әдебиетінің іргелі, әрі алғашқы шығармаларының бірі «Құтты біліктің» жазылу тарихына, шығарма авторына, шығарма құрылымы жайында кеңінен сөз етті. Сонымен қатар «Құтты біліктің» мазмұны, тілі, формалық ерекшеліктеріне айрықша тоқталды. Конференцияға университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысып, соңы сұхбатқа жалғасты.
Университетіміздің ректор өкілі профессор, доктор Женгиз Томар, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры профессор, доктор Бүлент Байрам, Филология факультетінің декены доцент, доктор Абдулькадир Өзтүрік, Түрік тілі кафедрасының меңгерушісі доктор PhD Кенан Семиз конференция қонағы Абдулла Көкке Университет атынан ризашылықтарын білдіріп, Алғыс хат тапсырды.

Түркология ғылыми-зерттеу институты

Напишите свой вопрос

 

    ×