Үш жақты келісім-шартқа қол қойылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде маңызды кездесу жүзеге асты. Кездесу барысында университет ректоры Жанар Темірбекова, ХҚТУ-нің Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар және Тараз қаласы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев келісім жасасып, үш жақты келісім-шартқа қол қойды.
Келісім-шарт нәтижесінде Клиника-диагностикалық орталығында жоғарыда аталған Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының «Cardio-Turkestan» филиалының жұмысын бастап, Медицина факультетінде кардиохирургия кафедрасын ашу жоспарлануда.
Жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға септігін тигізетін «Ангиограф» аппараты Клиника-диагностикалық орталығына орнатылғаннан кейін, өңір жұртшылығына жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары бойынша емделу мүмкіндіктері туындайды.
Алдағы уақытта «Cardio-Turkestan» филиалы халық денсаулығы үшін жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу, емдеу мақсатында және де Медицина факультеті студенттеріне практикалық база ретінде және клиника дәрігерлеріне дағдыларын шыңдауға жұмыс атқарады.

Напишите свой вопрос

 

    ×