Тәрбие отбасынан басталады

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Бүгін оқу ордамызда білімді де білікті жастарымызды тәрбиелеп отырған ата-аналарға ілтипат білдірілді.

Университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев білімгерлерді жаңа жылмен құттықтай отырып, 2021-2022 оқу жылында өзін үлгілі, белсенді студент ретінде көрсеткен студенттер мен олардың ата-аналарына университет ректоры Ж.Темірбекованың атынан «Алғыс хат» тапсырды.
«Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Бұл тұрғыда біздің еліміз де қалыс қалмай келеді. Арларыңызда спорт пен өнерде университеттің ғана емес,  ел намысын қорғап жүрген жастар білім алуда. Биылғы оқу жылында спорт пен түрлі клубтардың шарасына қомақты қаржы бөлінді. Сіздерді қолдауға біз дайынбыз» – деді вице-ректор.
Оқу ордамыз еліміздегі жалғыз халықаралық оқу орны. Қазіргі таңда түркі дүниесінің мыңдаған жастары білім алып жатыр. Осы университетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.

Напишите свой вопрос

 

    ×