Университет ұжымы Президент үндеуін тыңдады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылығы, қызметкерлері мен студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысындағы халыққа үндеуін тікелей эфирде тыңдады.
Соңғы күндерде елімізде орын алған тәртіпсіздіктерден кейінгі Президенттің бұл үндеуінің тарихи маңызы өте зор. Халыққа арналған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңа саяси реформалар жасалатынын атап өтті.
Президент білім саласындағы өзекті мәселелерге де назар аударды.
“Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек.
Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына мақсатты гранттар бөлуге ерекше назар аудару керек. Жаңа экономиканы құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыру маңызды”, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің үндеуінде айтқан мәселелелерді университет ұжымы мен студенттер құптап, жиын соңында өзара пікір алмасты.

Напишите свой вопрос

 

    ×