Ұлағатты ұстаз, білікті басшы Серік Жайлауұлы Пірәлиев – 70 жаста!

Бүгін – ұлағатты ұстаз, білікті басшы Серік Жайлауұлы Пірәлиев мерейлі 70 жасқа толды! Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне 2003-2007 жылдар аралығында басшылық жасады.
Серік Жайлауұлы Пірәлиев – саналы ғұмырын білім-ғылым саласына арнаған қабырғалы қайраткер. Көптеген талантты шәкірт баулып, томағасын сыпырған ұлағатты ұстаз. Еліміздің бірнеше іргелі оқу орнына басшылық жасаған білікті басшы. Серік Жайлауұлы Халықаралық университетімізге басшы болған кезең – қара шаңырақ оқу орнымыз тарихының кемел кезеңдерінің бірі саналады. Серік Жайлауұлы университет президенті болған жылдарда студенттеріміздің саны жиырма жеті мыңнан асты. Ол кісі Халықаралық оқу орнымыздың сан-салалы әлеуетін арттырып, қарқынды дамуына айрықша үлес қосты. Қазіргі таңда Серік Жайлауұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде елдік мәселелерге етене араласып келеді. Педагог ретіндегі бай тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа сіңіру бағытында еселі еңбек етуде.
Мәртебелі Серік Жайлауұлын мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтап, қажырлы қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Напишите свой вопрос

 

    ×