Облыстық Жастар ресурстық орталығымен байланыс күшеймек

Университетіміздің ректоры  Жанар Амангелдіқызы және  Ректор Өкілі  Женгиз Томар  Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығына барып, ондағы жұмыстармен танысты.
Кездесу барысында жастарға қатысты біраз мәселерлер сөз болып, алдағы уақытта бірлесе жүзеге асыратын жобалар жайы да талқыланды.
Оның ішінде:
Мүмкіндігі шектеулі жастарға қолдау көрсету. Нақтырақ айтқанда, белгілі бір салаға машықтандыру мақсатында курстар ұйымдастыру;
Neet және жұмыссыз жастар санын азайту және оларға арналған бағдарламалар әзірлеу;
ЖОО оқытушыларымен бірлесіп жастарға және жас қызметкерлерге арналған семинар-тренингтер өткізу;
Екі жақ бірлесе отырып, жастарды жан-жақты дамытатын курстар әзірлеу;
Облысымыздың талантты жастарын қолдау;
Аудан, қала психологтарын оқыту секілді мәселелер бар.

Напишите свой вопрос

 

    ×