Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті төмендегі бос лауазымдық орынға конкурс

Бос орындардың конкурсы 30 күнге жарияланады, қатысуға өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап Адам ресурстарын басқару бөлімінде қабылданады.

Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2022 жылдың 30 наурыз сағат 18:00-ге дейін.

Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми (https://ayu.edu.kz/) сайтында орналастырылады:

  1. Бос орындардың тізімі;
  2. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі;
  3. Біліктілік талаптары.

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29,  ректорат ғимараты, №105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36.

Адам ресурстарын басқару бөлімі.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2021-2022 оқу жылына оқытушы-профессорлар құрамы бойынша төмендегіше бос орындарға конкурс жариялаймыз.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру  факультеті бойынша

Кафедра атауыЛауазымдар атауы (саны)
Магистр оқытушыМ.ғ.д.,

Проф.

М.ғ.к.,

PhD,

доцент

М.ғ.к.,

PhD,

Аға оқытушы

Оқытушы
1Жұқпалы аурулар және фтизиатрия0,250,75
2Травматология, ортопедия және онкология0,75
                              Жалпы:1,00,75

Медицина  факультеті бойынша

Кафедра атауыЛауазымдар атауы (саны)
Магистр оқытушыМ.ғ.д.,

доцент

М.ғ.к.,

PhD,

доцент

М.ғ.к.,

PhD,

Аға оқытушы

Оқытушы
1Хирургиялық аурулар (Оториноларингология, офтальмалогия, ЖПД жұмысындағы хирургиялық аурулар, урология, травматология)1,05,0
                              Жалпы:1,05,0

            Қажетті құжаттар тізімі:

  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  • Өмірбаяны;
  • Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  • Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
  • Университет Сенатының бас ғылыми хатшысы куәландырылған және кадр бөлімінің мөрімен расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса) көшірмесі;
  • Медициналық кітапша, флюрография;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
  • Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Конкурсқа қатысатын ОПҚ-ға қойылатын біліктілік талаптары

Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, “профессор“ ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,         “қауымдастырылған профессор (доцент)“ ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Аға оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 2 жыл тәжірибелік өтілі 1 жылдан кем емес  (магистр академиялық дәрежесінің болуы).

Бос орындардың конкурсы 20 күнге жарияланады, қатысуға өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап Адам ресурстарын басқару бөлімінде қабылданады.

Напишите свой вопрос

 

    ×