Бос орындарға конкурс

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті төмендегі бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

  1. Коммерцияландыру офисінің басшысы қызметіне 1 ш.б. бос орынға конкурс жариялайды.

БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ:

-Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық тәжірибесі 3 (үш) жылдан кем емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын тұлға тағайындалады;

-тілдерді білу (мемлекеттік – міндетті, түрік, ағылшын – құпталады);

— ғылыми қызметті реттейтін ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін білу;

-компьютерде жұмыс істеу дағдылары (Microsoft Office, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және т. б.)

Қажетті құжаттар тізімі:

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

Өмірбаяны;

Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;

Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

Университет Сенатының бас ғылыми хатшысы куәландырылған және кадр бөлімінің мөрімен расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса) көшірмесі;

Медициналық кітапша, флюрография;

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе жасамағаны туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;

Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер Университеттің ресми сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (zhanar.syzdykova@ayu.edu.kz) тапсыруы қажет.

Бос лауазымдар конкурсы 30 күнге жарияланады, қатысуға өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап Адам ресурстарын басқару бөлімінде қабылданады.

Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты:   2022 жылдың 18 сәуір, сағат 18-00 дейін.

Аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми (https://ayu.edu.kz/) сайтында орналастырылады:

 

Напишите свой вопрос

 

    ×