Спортшы студенттеріміз мерейімізді үстем етті

Бурабай қаласында Гір көтеру спортынан кезекті Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Спорт және өнер факультетінің студенттері Ерболат Ахмет (95 кг) пен Алмас Оңалбай (63 кг) топ жарып, чемпион атанды. Спортшы студенттеріміздің бапкерлері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев және аға бапкер Баймұрат Абдукаримов.
Жеңімпаз студенттерімізді университетіміздің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Әбдуәлиұлы Тұрғанбаев арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады және алдағы жарыстарда табыс тіледі.

Напишите свой вопрос

 

    ×