Түлектер қауымдастығының төрағасы мен Атқарушы директоры сайланды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы 2021-2022 оқу жылында университетте қызмет етуші түлектердің бастамасымен ректор Жанар Амангелдіқызы Темірбекованың қолдауының арқасында құрылған болатын.
Бүкіл түркі әлемінде жүрген түлектердің басын қосу арқылы университет имиджін көтеруді көздеген аталмыш қауымдастықтың болашаққа бағдары айқын.
Қауымдастық университет түлектерінің біртұтастығын сақтау үшін талай жоспарларды жүзеге асыру мақсатында өткен жұмада университетіміздің Сенат залында оффлайн/онлайн форматта Түлектер қауымдастығының Жалпы жиналысы өтіп, маңызды шешімдерге қол жеткізді.
Жиналысқа еліміздегі түрлі лауазымды түлектерімізбен қатар Түркия Республикасынан да бірқатар түлектер қатысты.
Түлектердің бас қосуына қонақ ретінде қатысқан университет ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен ректор өкілі Женгиз Томар сөз сөйлеп, түлектердің жұмысына сәттілік тіледі.
Онлайн қатысып отырса да бірін-бірі сағынысып көріскен түлектердің жүрекжарды тілектері мен ұсыныстары көп болды.
Досай Кенжетай, Алтынбек Кенжалиев, Бағдәулет Бегалиев, Алдаш Айтжанов, Сәкен Ханділлаев, Айдос Абпазов сынды еліміздегі түлектерімізбен қатар, Fatma Sönmez, Ufuk Tuzman, Ersin Güzel сынды түркиялық түлектеріміз де ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жиналысқа атсалысып отырды.
Жалпы жиналыстың мақсаты Түлектер қауымдастығының төрағасын, қауымдастықтың Кеңес (басқарма) мүшелері мен Атқарушы директорын сайлау болатын.
Нәтижесінде, Түлектер қауымдастығының төрағасы болып Құқықтану мамандығының 1995 жылғы түлегі, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Азимова Эльвира Абилхасимовна сайланды.
Шетелде де түлектеріміз көп болғандықтан, Түркия түлектерінің өкілі ретінде 2000 жылғы түлек Уфук Тузман бекітілді.
Келешекте басқа да елден өкілдіктеріміздің болатынын атап өтті.
Одан кейін қауымдастықтың Кеңес (басқарма) мүшелері бекітілді.
Жалпы жиналыстан соң Кеңес мүшелерінің өзара онлайн байланысы арқылы Түлектер қауымдастығының Атқарушы директорлығына 1996 жылғы түлегіміз Мәриям Тасболатқызы Асанова ұсынылып, сайланды.
Түлектер қауымдастығының төрағасы Азимова Эльвира ханым мен қауымдастықтың Атқарушы директоры Мәриям Асанованы құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Напишите свой вопрос

 

    ×