Сенаторлармен кездесу өтті

Бүгін университетімізге ҚР Парламенті Сенатының Депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев келді. Ондағы мақсат қала активі мен университет ұжымымен кездесу, 5 маусым күні өтетін бүкілхалықтық референдумның мән-маңызын жіті тарқату, халықтың пікірі мен ойын білу. Жиынды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жүргізді.
Айта кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде конституциялық реформалар бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ата Заңға жаңадан енгізілетін нормалар қазақстандықтардың тыныс-тіршілігіне көптеген өзгерістер әкелмек. Соның ішінде маңыздысы, азаматтық қоғамға негізделген Жаңа Қазақстанның құрылуы. Яғни, Президент ұсынған саяси реформалардың басым бөлігі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделетін болады.
Бүгінгі жиында сенатор Әлімжан Сейітжанұлы «Қазақстан Республикасының Конституциясына енетін өзгерістер мен толықтырулар жайында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Әли Бектаев та алдағы референдумға әрбір қазақстандық үн қосып, өз өз көзқарасын білдіру керек, ол болашақ үшін де маңызды шешімдер болатын болады деді.
Аталған жиында зиялы қауым өкілдері өз пікірлері мен көзқарастарын айтып, сенаторларға сауалдар қойды.
Референдум қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер күшіне енгеннен кейін заңдарды Мәжіліс қабылдайтын болады, ал Сенат Мәжіліс ұсынған заңдарды мақұлдайды немесе мақұлдамайды

Напишите свой вопрос

 

    ×