Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғали ұжыммен кездесті

Бүгін оқу ордамыздың кітапханасында Мәжіліс депутаты, «Қазақ тілі» қоғамының президенті Берік Әбдіғалиұлымен кездесу өтті. Ондағы мақсат, алдағы референдумның жайын түсіндіру, халықтың көкейіндегі мәселелерін тыңдау. Сонымен қатар, жиынға белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбек қатысты.
Аталған кездесуде оқу орда ректоры, Жанар Темірбекова қонақтарға алғысын жеткізіп, алдағы өтетін референдумның ұлт үшін аса маңызды тарихи сәт болатынына сенім білдірді.
Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы, қазіргі алмалы-төкпелі кезеңде тұрған еліміз үшін, бірінші кезекте тұрақтылық пен бірлік негізгі мақсат екендігін айтты. «Қазақ тілі» қоғамының осы тұста жасап жатқан жұмыстар ретін де таныстырып өтті. Соның бірі, қаралып жатқан заңдарға сәйкес ендігі кезекте мекеме, немесе нысандардағы маңдайша жазулар тек бір тілде, яғни ана тілімізде ғана жазылмақ.
Аталған жиын осы және өзге де дүниелерді қамтыған сұрақ-жауаптермен жалғасты.
Кездесу барысында «Қазақ тілі» қоғамымен мен университетіміз арасында екі жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Напишите свой вопрос

 

    ×