Трансляциялық медицинаға арналған халықаралық конференция басталды

​Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Трансляциялық медицинадағы цифрлық технологиялардың жетістіктері» тақырыбымен халықаралық оқу және ғылыми-практикалық конференция басталды. Жаңа Еуропалық хирургия академиясы (Берлин, Германия) және Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған конференцияға АҚШ, Канада, Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Грекия, Израиль, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және басқа да елдердің ғалымдары мен практик мамандары қатысады.
​Халықаралық конференция мақсаты бірнеше маңызды мәселені қамтиды.
Атап айтқанда:
— Денсаулық сақтау саласының цифрландырылған технологияға өтуiнің сапасын көтеру, кемшiлiктерiн жою бағытында іс-шаралар жүргізу;
​- Өлкемiздің тұрғындары мен келешек ұрпақтарымыздың алдыңғы қатарлы дамыған елдердiң азаматтарымен тепе-тең жоғары білікті медициналық көмек алуын қамтамасыз ету;
​- Дәрiгерлердiң жұмысын жеңiлдетiп, науқастардың диагнозын қоюға, дұрыс емiн дер кезiнде беруiне ғылыми жолмен методикалық жәрдем көрсету;
​- Облысымыздың дәрiгерлер қауымымен тығыз қарым-қатынас ұйымдастыру арқылы кездесулер өткiзiп, тұрақты және төтенше жағдайларда өзекті мәселелерді талқылап, тиімді шешімдер қабылдау.
​Іс-шараның білім беру аспектісі студенттердің, жас мамандардың және практикалық дәрігерлердің уақыт өте келе күнделікті өмірде және күнделікті жұмыста таптырмайтын көмекші бола алатын инновациялық өнімдерді жасауға мүмкіндік беретін іргелі ғылымдардың негіздеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
​Медицинаның ғылыми-практикалық бағытын дамытуға арналған халықаралық конференцияны университет ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова алғы сөзбен ашып, қатысушыларға табыс тіледі. Жанар Амангелдіқызы оқу орнымыздың медицина саласындағы бай тәжірибесін бөлісті. Ректор медицина саласын цифрландырудың маңызына жан-жақты тоқталды. Ректор Өкілі, профессор Женгиз Томар өз сөзінде конференция жұмысының жемісті өтуін тіледі. Профессор Женгиз Томар университетімізде денсаулық сақтау саласы бойынша қолға алынған жобаларды баяндады.
Ашылу салтанатында конференцияның ұйымдастырылуы мен өңірдің денсаулық сақтау саласына үлес қосқан университет басшылығына және қызметкерлерге Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы атынан Алғыс хаттар табысталды.

Напишите свой вопрос

 

    ×