Ахмет Ясауи университеті — әлемдік үздік университеттер қатарында

Университетіміз QS World University Rankings – әлемдегі ең әрі ықпалды әлемдік университет рейтингісінде бұрын-соңды болмаған нәтижені тіркеді. Бұл рейтингке әлем бойынша 2462 университет қатысып, соның ішінде 1422 жоғары оқу орнына баға берілді.
Ахмет Ясауи университеті жыл сайын маусым айында жарияланатын беделді халықаралық үздік университеттер рейтингі QS World University Rankings 2023 бойынша биыл 714-ші орынға шығып, ең үздік 1000 университет қатарына алғаш рет енді.
QS World University Rankings жоғары объективті болып саналады, өйткені барлық мәліметтер мен рейтингтің әдістемесі сыртқы аудит үшін қол жетімді. QS рейтингінде бағалау — Академиялық бедел көрсеткіштері, Жұмыс берушілер алдындағы беделі, Студенттер саны мен оқытушылар құрамының ара қатынасы, Ғылыми жарияланымдарға сілтемелі басылымдар, Шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі, яғни халықаралық ынтымақтастық сияқты алты критерийге негізделген.
Осы жағымды жаңалықтың алдында ғана, көктем айларында Ахмед Ясауи университеті әлемнің ең үздік университеттерінің пән бағыттары бойынша бірден үш рейтингке қатарынан енген болатын. «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) салалық рейтингінде 362-ші орынға, «Заманауи тілдер» (Modern Languages) пәндік рейтингінде 211-ші орынға, «Білім және оқыту» (Education and Training) пәндік рейтингінде 308-ші орынға көтерілді. Ал жарты жыл бұрын, оқу орнымыз Quacquarelli Symonds (QS) Emerging Europe and Central Asia (EECA) University Rankings регионалды рейтингінде бірден 45 позицияға алға жылжып, 130-шы орынға көтерілген болатын. Соңғы кезеңдерде Ахмет Ясауи университетінің білім беру, ғылым, мәдени-әлеуметтік бағыттағы әлеуеті елеулі артты. Ал университет ғалымдары Scopus мәліметтер базасында және Web of Science сайтында пікір жазылатын журналдарда 1000-ға жуық мақалалар жариялады. Мұның барлығы ұжымның соңғы бірнеше жылдар бойы атқарып келе жатқан жемісті еңбегіне байланысты екені сөзсіз.
Ұжымды тамаша нәтижемен — оқу орнымыздың әлемнің үздік университеттері қатарына қосылуымен құттықтаймыз!
Напишите свой вопрос

 

    ×