Башқұртстандық мамандар Академиялық ұтқырлық аясында университетімізге келді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті әлемнің жетекші оқу орындарымен арадағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді жұмыстар атқаруда. Медициналық әріптестік байланысты одан әрі жандандыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» жоғары білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік оқу орнының ректоры, профессор В.Н.Павлов арасында тығыз байланыс орнатылып, ғалымдар мен студенттер алмасу, сала ғалымдарымен бірлесе зерттеулер жүргізу үшін өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған болатын.
Осы меморандум негізінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғарғы медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің «Акушерлік-гинекология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Л.М.Бегімбекованың жетекшілік етуімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» «Акушерлік-гинекология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор А.Г.Ящук және м.ғ.к., доцент И.И.Мусин дәрістер, тәжірибиелік сабақтар және сыныптық -шеберлік өтуге іс-сапармен шақыртылды.
Екіжақты тәжірибие алмасу аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусы «Акушерлік-гинекология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Л.М.Бегімбекова мен кафедра оқытушылары, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты қалалық перинаталды орталық ұжымы, қалалық босану үйі және де №2 қалалық аурхананың гинекология бөлімінің дәрігерлерімен бірлесе гинекологиялық оталар жасалып, екі елдің дәрігерлері өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, дәрігерлер мен 2-3 курс резиденттеріне арнайы оталардың мастер-класстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, лапароскопиялық гистерэктомия, қынап арқылы гистерэктомия, жамбас ағзаларының пролапсы кезіндегі конструктивті-пластикалық оталар, ағзасақтаушы отадан кейінгі әйелдердің репродуктивті функиясын қалыпқа келтіру, плацентаның бітесе өсуі кезінде қан кетудегі хирургиялық гемостаз тактикасы және локальді-деструктивті формалы жатыр мойын истмико-цервикальді жеткіліксіздігі кезіндегі оталар.
Іс-сапар қорытындысында Башқұртастаннан келген әріптестеріміз университетіміздің Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Есенбекқызы Ошибаевамен кездесіп, ректор Жанар Амангелдіқызы Темірбекованың атынан Алғыс хат табыстап, екі жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың келешегіне қысқаша тоқталып өтті. «Акушерлік-гинекология» кафедрасының меңгерушілері екі тараптан бірлесе білікті маман дайындау, медицинадағы инновация саласы бойынша байланысты дамыта отырып, ғылым-білім кеңесін құру, сонымен қатар, өздері басшылық ететін кафедралардың оқытушылары мен резидент дәрігерлерін біліктілік арттыру тағылымдамаларына жіберу, бірлесе ғылым жолын дамыту туралы өзекті мәселелерді де қозғады және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Меморандум аясында екі ел арасында медициналық көмек көрсетуді арттыру, медициналық туризмді дамыту, медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру және т.б. салалар бойынша екіжақты әріптестік орнатылмақ.
Бауырлас елден келген мамандар сапар аясында Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі терең тарихымызбен танысты. Түрленген Түркістанның көз тартар келбетін тамашалады.
Бұл әріптестік байланыс жақын арада өз жемісін беріп, еліміздегі білім мен ғылымның дамуына ықпал етеді деп сенеміз.

Напишите свой вопрос

 

    ×