Волейболдан республикалық жарыстың ашылу салтанаты өтті

Бүгін университетімізде Ұлттық мектеп лига ойындарының волейбол (Шұбар доп) спорты түрінен 5-6 сынып (ұлдар, қыздар) оқушылары арасындағы Республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Спорттық шараның шымылдығын ашу үшін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының жетекші сарапшысы Гүлжайна Мұқашеваға, Түркістан облысы Білім басқармасы тәрбие бөлімінің бас маманы Арап Қайратқа, университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаевқа және сайыстың бас төрешісі Марат Алибековке алғы сөз кезегі ұсынылды. Олар жас спортшыларға ізгі ниеттерін арнап, сәттілік тіледі.

Ұлттық мектеп лигасына республиканың 16 облысы мен 3 қаласынан келген оқушылар қатысып жатыр. Ұлдар арасындағы жарыста 10 команда, ал қыздар бәсекесінде 9 команда ойнайды. Бас-аяғы 19 команда он тоғызыншы маусымға дейін өзара сайысқа түсіп, кіл мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, университетімізге Лиганың қыздар арасындағы жарысын өткізу мәртебесі бұйырды. Бұл – оқу орнымыздың мектептермен берік ынтымақтастығының тағы бір көрінісі.

Напишите свой вопрос

 

    ×