Хабарландыру. Математика кафедрасының кеңейтілген мәжілісі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «6D070500 –Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Егенова Әлия Мейрамбекқызының «Сұйықтықтың жұқа қабаттарында сызықсыз толқындардың таралуын масса және жылу таралуын есепке ала отырып модельдеу және сандық зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын талқылау бойынша «Математика» кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтеді. Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі: қазақ тілі
Ғылыми жетекші:
Сұлтанов М.А. – ф.м.-ғ.к., профессор м.а.. Жаратылыстану педагогикалық факультеті, «Математика» кафедрасы, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Казанцев И.Г. – ф.м.-ғ.к, доцент. Ресей ғылымдар академиясы Сібір бөлімі, Есептеу математикасы және математикалық геофизика Институты, Новосібір қаласы, Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер:
Джайчибеков Н.Ж. – ф.м.-ғ.д., профессор , Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті , Нұрсұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы.
Аманбаев Т.Р. – ф.м.-ғ.д., профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
«Математика» кафедрасының кеңейтілген мәжілісі 2022 жылдың 28 маусымында сағат 11.00-де, мына мекен-жайда өтеді: 161200, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Zoom сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/2495574951?pwd=djNmdktPY0oyc2Iva2w0aXFBOXc2UT09

Напишите свой вопрос

 

    ×