Бауырлас елдер омбудсмендері оқу ордамызда

Бүгін университетімізге Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері Эльвира Әзімова мен Шереф Малкоч бастаған делегация арнайы ат басын бұрды.

Бауырлас екі ел омбудсмендері университет кампусын аралап, кітапхана мен білімгерлер үшін жасалып отырған мол мүмкіндіктерге куә болды. Кітапхана директоры Ақмеруерт Әбсеметова ханым кітапханадағы «Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығымен», «Ахмет Ясауи» оқу залымен қоса «Лингвистикалық орталықтармен» таныстыра келе, «Лебіз кітабына» ізгі тілектерін қалдыруға мүмкіндік жасады.

Сонымен қатар, қонақтар кітапханадан кейін Мәдениет орталығындағы университет макетімен, Түркі халықтарының мұражайымен танысты.

Университетіміздің ректоры Темірбекова Жанар ханым мәртебелі меймандарға оқу ордамыздың 30 жылдығы аясында қолға алынған 30 жоба жайында таныстырып өтті.

Қазақстан және Түркия республикаларының Адам құқықтары жөніндегі комитет пен оқу ордамыздың арасында арнайы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алдағы уақытта университетіміз бен аталмыш комитет арасындағы тығыз байланыс аясында бірлескен жобалар жүзеге асатын болады. Университетіміз еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға күш салады деген тілекпен жиын қорытындыланды.

Айта кетейік, Эльвира Әбілқасымқызы университетіміздің құқықтану мамандығының 1995 жылғы түлегі, түлектер қауымдастығының төрағасы.

Оқу ордасынан бұрын Түркістан қаласы әкімінің қабылдауында болған Түркиялық бауырларымыз Оңтүстік өңірге алғаш келгендігін айтып өтті.

Эльвира Әбілқасымқызы университет кампусы мен кітапханадағы студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктерге ризашылық сезімін білдірді. Университет тарапынан қонақтарға сый-сияпат тапсырылып, естелік суретке түсті.

 

Напишите свой вопрос

 

    ×