Ректор жеңімпаз спортшыны қабылдады

Университет ректоры Жанар Темірбекова Азия чемпионатынан күміс медальмен оралған Мадина Аманды арнайы қабылдады. Бахрейннің астанасы Манама қаласында өткен Азия чемпионатында, спортшымыз еркін күрестен 59 келі салмақта бәселекелесіп, ақтық сайыста жапондық спортшымен белдесті.
Әлем чемпионатына жолдама алған спортшымызға оқу орда басшысы, арнайы гүл шоғы мен қаржылай сертификат табыстады. Алда өтетін байрақты бәсекелерде топ жарып, ел мерейін асқақтауына тілектестік білдірді.
Айта кететін жайт, Әлем чемпионаты тамыз айының 17-19 аралығында Болгарияның София қаласында өтеді. Жеңімпаз спортшымыздың бапкері ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетов.

Напишите свой вопрос

 

    ×