«Graduation-2022» салтанатты шарасы өтті

Бүгін оқу ордамызда «Graduation-2022» магистр академиялық дәрежесін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. Айтулы жиынға магистр бітіруші түлектер, оқу орда басшылығы және қонақтар қатысты.
Салтанатты кеште ректор Жанар Амангелдіқызы барша түлектерге ақ жол тіледі. Сондай-ақ аталған шараны ұйымдастыруға биылғы жылғы түлектердің бастамалары түрткі болғанын, оны үлкен қуанышпен қабылдағанын жеткізді.
Ректор Өкілі Женгиз Томар бітірушілерге лебізін арнап, бүкіл түркі жұртына қызмет ететін маман болыңыздар деген тілек білдірді.
Сәні мен салтанаты келіскен шараға жиналғандардың қарасы көп болды. Ән айтылып, тілектер ағылды. Ендеше ақ жол бітіруші түлектер!

Напишите свой вопрос

 

    ×