Шәкіртіміз күміс жүлде иеленді!

Таиланд мемлекетінде жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Бангкок қаласында ұйымдастырылған байрақты бәсекеде студентіміз Айдар Арапов күміс жүлде иеленді!

Жеңімпаз студентіміз қазіргі таңда 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшы шәкіртімізді білікті бапкер Марат Файзиев додаларға дайындайды.

Жеңіс тұғырына көтерілген шәкіртіміздің толағай табысы құтты болсын!

Напишите свой вопрос

 

    ×