«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары

Құрметті түлектер мен жоғары оқу орындарының студенттері!
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs сайтынан табуға болады.
Сондай-ақ Қор ЖЖОКБҰ-ң ақылы бөлімдерде оқитын студенттеріне Қордың қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ-ң taiburyl.kz сайтына онлайн-өтінім береді.

Напишите свой вопрос

 

    ×