Сүйінші жаңалық!

Сүйінші жаңалық! Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткішінің» баспадан шығарды!
Екі томнан тұратын библиографиялық көрсеткіш – 1889-2020 жылдары ұлы ақынның шығармаларын, өмірі мен әдеби мұрасына арналған жарияланымдарды мүмкіндігінше толық қамтыған алғашқы іргелі басылым.
Көрсеткіштің 1-томында 1909-2020 жылдары жарық көрген ақын шығармаларының отандық және шетелдік басылымдарына, абайтану саласындағы отандық және шетелдік кітап, монография, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, библиографиялық материалдар, кандидаттық, докторлық және PhD диссертацияларға қысқаша сипаттама берілген.
Библиографиялық көрсеткіштің 2-томында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының әр жылдары жарық көрген басылымдары, оның аударма нұсқалары, Абай және абайтануға қатысты кітап тараулары, ғылыми конференция материалдарының жинағындағы ғылыми баяндамалар мен мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалардың тізімі келтірілген.
Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушы мамандар мен абайтанушы ғалымдарға, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттарына арналған.
Библиографиялық көрсеткіштің ресми таныстырылымы биыл қыркүйекте өтеді.

Напишите свой вопрос

 

    ×