«Еуразия» жазғы мектебінің бірінші аптасы аяқталды

Мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайту, Түркия мемлекетін және түрік мәдениетін таныстыру мақсатында Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар төрағалығы және Ұлттық білім министрлігі Діни білім беру бас басқармасының қолдауымен студенттер мен ғылыми қызметкерлер үшін ұйымдастырылған «Еуразия жазғы мектеп» жобасының 1-ші аптасы аяқталды.
Бағдарлама аясында студенттер бірінші күні семинар-тренингке қатысты. Келесі күндері Бурсадан басталып, Чанаккале, Изник, Балыкесир және Билежикке жалғасатын семинарларға, презентацияларға және сапарларға қатысып, бұл жерлердің тарихи, мәдени және әлеуметтік құрылымы туралы түсінік алды.
Алдағы уақытта Еуразия жазғы мектебі бағдарламасы Конья, Бейпазары, Болу және Ыстамбул қалаларына саяхаттар өз жалғасын табады.

Напишите свой вопрос

 

    ×