Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы аяқталды

Бүгін, екі күнге созылған «ЗАМАНАУИ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖƏНЕ ОРТОПЕДИЯ КӨКЖИЕКТЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы қорытындыланды. Алыс жақын шетелдерден 400-жуық білікті травматолог ортопед дәрігерлер, нейрохирургтер, тамырлы хирургтер
анестезиолог-реаниматологтар, оңалтушылар, медициналық ЖОО оқытушылары, жас ғалымдар
резидент дәрігерлер қатысқан жиында, медицинадағы озық технологиялар мен заманауи әдіс-тәсілдер көрсетілді. Гибридті форматта өткен конференцияда 7 мыңнан астам шетел спикерлері онлайн қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, аталған сала бойынша өзекті тақырыптарды қамтыған секциялық отырыстар, шеберлік- сыныптары мен сателлиттік симпозиумдар, көрнекі операциялар,медициналық мақсаттағы бұйымдар көрмесі де конференция жұмысын жандандыра түсті.
Айта кетейік, халықаралық жиында жас ғалымдарға арналған «Бәтпенов оқулары» конференциясы өтті. Онда тақырып өзектілігі мен жаңашылдығына байланысты жасалған баяндама жұмыстарына арнайы қазылар алқасының төрағалығымен жүлделер мен қомақты қаржылай сияпаттар берілетін болады.
«Заманауи травматология және ортопедия көкжиектері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, әрбір қатысушыға кең коммуниктивтік алаң және травматология мен ортопедиядағы соңғы үрдістерден, жетістіктерден хабардар болу мүмкіндігін сыйлады.

Напишите свой вопрос

 

    ×