Студентіміз алтын жүлдені жеңіп алды

Боксшы студентіміз жастар арасында өткен 40-шы «АЛТЫН ҚОЛҒАП» халықаралық турнирінен жүлдемен оралды. Сербияның Суботица қаласында өткен байрақты бәсекеда 25 мемлекеттен 186 боксшы бас қосты. Чемпионатта 60 келі салмақта қолғап түйістірген Бахтияр Анарбаев тұғырдың ең биігінен көрінді.
Ақтық бәсеке тартысты өтіп, жекпе-жектен кейін Бақтияр Анарбаев жарыстың «Үздік боксшысы» атанды.
Қазір Бақтияр – университетіміздің 1 курс студенті. Жас спортшы бокспен 2015 жылдан бастап айналысады екен. Жаттықтырушылары – Рахматулла Шерметов пен Тұрсынбай Жаулыбаев.
Айта кетейік, 17 жастағы Бақтияр Анарбаев – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР чемпонатының ІІІ дүркін жеңімпазы, 2019 жылғы Кувейт еліндегі Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған. Сондай-ақ, 2021 жылы ол жастар арасында өткен Азия чемпионатының, 2022 жылы Венгрия елінің Будапешт қаласында өткен 71- ші халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды.
Алда Бақтиярды бұдан да маңызды жарыстар, оның ішінде қараша айында Испания мемлекетінде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Спортшымызғы жаңа жеңістер тілейміз!

Напишите свой вопрос

 

    ×