«YASSAWI» инкубациялық бағдарламасы басталды

Бүгін оқу ордамызда Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен Стартап жобалармен айналысатын белсенді студенттерді қолдау мақсатында, тегін «YASSAWI» инкубациялық бағдарламасы өз жұмысын бастады.
Инкубациялық бағдарлама Бизнес-инкубатор NURIS және ХҚТУ-мен бірлесе дайындалды. Бизнес-инкубатор бағытының негізгі мақсаты — университеттің стартап жобаларымен айналысатын білім алушыларды қолдау, стартап жобалардың санын, сапасын арттыру және олардың арасында кәсіпкерлікті ынталандыру.
Университетіміздің ашық алаңында өткізілген алғашқы танысу сабағы еркін форматта жүргізілді. Онда арнайы хабарландыру арқылы өтініш білдірген белсенді студенттер қатысып, өз идеяларымен бөлісті. Аталған бағдарлама 1 семестр, яғни 12 апталық  сабақтан тұрады. Трекер Экономика кафедрасының РhD оқытушысы Бағила Мұстафаева.
Айта кетейік, инкубациялық бағдарлама негізінде командалар жасақталып, бизнес-идеялар жүзеге асатын болады. Аталған бағдарламаны сәтті аяқтап, жақсы нәтиже көрсеткен командаларға арнайы сертификаттар табысталмақ. Инкубациялық сертификат арқылы студенттер түрлі жобаларға  қатысып, Грант ұтып алуға мүмкіндік алады. Ал бағдарламаны өте жақсы деңгейде алып шыққан, өзіндік перспективасы бар қатысушыларға университеттің ішкі конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы жүлделі орындар мен сыйақыларға ие болады.

Напишите свой вопрос

 

    ×