Parakozm LTD консалтинг компаниясымен меморандум жасалды

Бүгін оқу орнымыздың ректоры Жанар Темірбекова EdTech және IT-консалтингпен айналысатын Parakozm LTD компаниясының директоры Суфян Мустафамен кездесті.
Жүздесу барысында ректор оқу ордамыздың тыныс-тіршілігін баяндап, 30 жылдыққа байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларды таныстырды.
Өз кезегінде, Суфян Мустафа да Parakozm LTD компаниясы туралы ақпарат берді. Аталмыш компания – Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген жеке компания. Ол EdTech және IT-консалтингпен айналысып, білім беру контенті мен оқу ресурстарын ұсыну бағытында белсенді жұмыс істейді.
Кездесуде қос тарап Қазақстанның технологиялық ландшафтын дамытуға, академиялық зерттеулерге және техникалық салалардағы жаңа таланттарды ынталандыру, сондай-ақ, IT және ғылыми оқытуға ерекше назар аудару мақсатында өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты. Жанар Темірбекова мен Суфян Мустафа серіктестік қызметті ресми түрде бекітіп, меморандумға қол қойды.

Напишите свой вопрос

 

    ×