Университет спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

Университет спортшылары бокстан жастар арасында өткен 40-шы «АЛТЫН ҚОЛҒАП» халықаралық турнирінде жоғары жетістікке жетті.
Сербияның Суботица қаласында өткен турнирде 70 келі салмақта Гаухар Шойбекова алтын медаль иеленсе, 75 келі салмақта Айда Сарыбарова қола жүлдені еншіледі.
Қыздарымыздың бапкерлері — Купесов Еркебұлан.
Бұған дейін осы жарыста 60 келі салмақта жұдырықтасқан Бақтияр Анарбаев жеңгенін хабарлаған едік.
Қанжығалары майланған студенттерімізге спортта да, өмірде де жеңістер тілейміз. Университетіміздің, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер.

Напишите свой вопрос

 

    ×