«Фольклор туралы түсінік және теориялық мәселелер» атты семинар өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтында филология ғалымдарының кандидаты, доцент Бақыт Әбжеттің «Фольклор туралы түсінік және теориялық мәселелер» атты семинары өтті. Семинар барысында филология ғалымдарының кандидаты, доцент Бақыт Әбжет фольклор терминінің шығу тарихына, фольклордың әдебиетке әсеріне, ⅩⅩ ғасырдың 60-70 жылдарындағы фольклордың жаңаша даму кезеңіне, сол жылдары жарық көрген: «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Қазақ фольклорының типологиясы», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «Қазақ фольклорының поэтикасы» атты бірқатар құнды еңбектерге тоқталды. Сондай-ақ, фольклортану ғылымын зерттеуде филология ғалымдарының кандидаты, профессор Шәкір Ыбыраевтың «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» мен академик, ғалым Сейіт Қасқабасовтың «Ойөріс» атты монографиясының орны ерекше екендігін ерекше атап өтті. Ғалым сөз соңында «Фольклор ғылымы әр кезеңге сәйкес жаңа қырынан қарастырылып, жаңа көзқарастар мен жаңа пайымдар арқылы ғылым ретінде жаңарып отыратындығын дәлелдеп келеді» деп сөзін қорытындылады. Семинар барысында филология ғалымдарының кандидаты, профессор Шәкір Ыбыраев пен доктор Ж. Явуз фольклортану ғылымына қатысты өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Бүлент Байрам фольклортану ғылымы жайлы тың зерттеулерімен бөлісіп, мол мағұлмат берген Бақыт Әбжет мырзаға институт және университет атынан алғысын білдірді.

Напишите свой вопрос

 

    ×