Анадолы университетімен бірнеше келісімшартқа қол қойылды

Оқу орнымыздың ректор өкілі Женгиз Томар Түркияға арнайы іс-сапары барысында Анадолы университетіне барып, маңызды келісімшарттарға қол қойды.
Женгиз Томар Анадолы университетінің ректоры Фуат Эрдалмен ынтымақтастықты одан әрі ұзарту, сондай-ақ халықаралық білім ынтымақтастығын жаңарт, сырттай (қашықтан) оқыту жүйесінде оқытылатын оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы бірнеше келісімшартқа қол қойды.
Айта кетейік, қазақ тіліне тәржімаланатын 100 кітаптың 12-сі аударылып бітті, жақында Қазақстанда басылып шығады. Аударылған кітаптардың ішінде зерттеу әдістері, тарих, экономика, әлеуметтану, веб дизайн, саясаттану, дінтану және халықаралық қатынастар салаларына қатысты кітаптар басым. Осылайша бір жағынан Қазақстанда мемлекеттік тілде жарыққа шығатын оқулықтарға деген сұраныс тапшылығы қамтамасыз етілсе, екінші жағынан Анадолы университетінің өзге халықтармен арақатынасы кеңейе түседі.
Сонымен қатар, келісімшарттардың аясында өзара оқытушы және студент алмасу үдерістерімен қатар ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстары (ғылыми жоба) мен сырттай (қашықтан) оқытуды кеңінен арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Ректор өкілі Женгиз Томардың іс-сапар барысындағы тағы бір маңызды кездесуі Юнус Эмре институның басшылық құрамымен өтті. Женгиз Томар аталмыш институттың президенті Шереф Атешке университетімізбен серіктестігі және қолдауы үшін алғысын айтты.

Напишите свой вопрос

 

    ×