Клиника-диогностикалық орталыққа құрметті қонақтар келді

Бүгін оқу ордамыздың клиника-диогностикалық орталығына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Даулет Алдынғұров, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрайымы-Ректоры Анар Тұрмұхамбетова, Семей медицина университеті «КеАҚ» ректоры Алтай Дюсупов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Александр Костюк арнайы қонақ болды. Университет ректоры Жанар Темірбекова құрметті қонақтарды клиника-диогностикалық орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Онда клиникамызда емделушілерге жасалған жағдай және де соңғы үлгідегі заманауи құрал жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар, орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырып, онда қызметкерлердің тәжірибе алмасу мақсатында еліміздегі және Түркиядағы медицина мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста екендігін жеткізді. Медицина мамандығында оқып жатқан жатқан студенттердің жан-жақты білім алып, тәжірибе жинақтаулары үшін аталған орталықтың маңызы зор екендігін айтты.
Айта кететін жайт, бүгін қаламызда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мерейтойлық, 35-ші отырысының ресми ашылуы өткізіліп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті ұйымдастырған шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клуге, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысуда.

Напишите свой вопрос

 

    ×