«CLUB FAIR — 2022» клубтар көрмесі өтті

Бүгін университетімізде «Шаңырақ» клубтар координациясының ұйымдастыруымен «CLUB FAIR — 2022» клубтар көрмесі өтті.
Жаңашылдықтың жаршысы болып жүретін «CLUB FAIR — 2022» клубтар көрмесі бұл жолы арнайы қызыл кілемде, голливудтық стилде өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты — студент жастардың уақыттарын тиімді өткізу мен, белсенділігін арттырып, бағыт-бағдар көрсету.
Көрмеде клубтар арнайы қошеметпен ортаға шығарылып, жеке таныстырылды. Бір шаңырақ астына біріккен барша белсенді клубтар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі.
Айта кетейік, биыл жаңадан 3 дебюттік клуб қосылып, студеттердің жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік туып отыр. Олар: байланыс құралдарын, ақпаратты беру тәсілдерін, сапалы әрі медиалық кеңістік әлемін құрушы орта — “Union” медиа клубы; адамның рухани жаңғырып жеке тұлғалық дамуына үлес қосатын — “Ренесанс” клубы; заманауи бидің өнерпаздарынан құралған, барлығы бірге дамуды мақсат еткен, әлеуметтік желімен тығыз жұмыс жасап, белсенді өмір салтын қалыптастырушы клуб — “Yasawi team” клубы.

Напишите свой вопрос

 

    ×