Кезекті Сенат отырысы өтті

Бүгін оқу ордамызда кезекті Сенат мәжілісі өтті. Жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалынып, түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.
Сенат отырысы мерейтой иелерін марапаттаумен басталды. Университет ұжымы Тарих кафедрасының аға оқытушы п.ғ.к. Рустамбекова Мухаббат Ерубайқызын мерейлі 60 жасқа және Менеджмент және туризм кафедрасының доценті, э.ғ.к. Изатуллаева Бибігүл Сұлтанқызын мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтады.
Ресми бөлімге көшкен Сенат төрайымы мен мүшелері, ең алдымен, 2022-2023 оқу жылының іс-шаралар жоспарын бекітті.
Ал қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Еділ Төлегенов жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау қорытындылары туралы баяндады.
Сондай-ақ, жиын барысында университет ОПҚ-ын профессор, доцент міндетін атқарушы қызметіне ауыстыру; ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс» конкурсына ізденушілердің құжаттарын ұсыну; университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну туралы қаулы қабылдау туралы шешім қабылданды.
Басқосудың соңында Сенат мүшелерінің құрамына толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы мақұлданды.

Напишите свой вопрос

 

    ×