Спортшыларымыз ел біріншілігінен жүлделі оралды

Ақтау қаласында 22 қыркүйек күні Таеквандодан (WT) ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты басталған болатын. 31-рет ұйымдастырылған ел біріншілігіне еліміздің 15 облысы мен үш қаласынан 249 спортшы қатысып өзара бақ сынады.
Аталған тартысты чемпионатқа оқу ордамыздың спортшы студенттері қатысып жүлделі орындарға ие болды. Ерлер арасында Ұлықбек Мажитов 87-кг салмақта 3-орынды иеленсе, 68 кг салмақта сынға түскен Мақсат Орынбасар 3 орынды иемденді. Ал әйелдер арасында 73 кг салмақ бойынша бақ сынаған Айдана Бақберген жүлделі 3 орынға табан тіреді.
Үздіктер 16 салмақ дәрежесінде анықталып, ерлер мен әйелдер 8 салмақ бойынша сынға түсті.
Жеңімпаз спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Напишите свой вопрос

 

    ×