«Радикалдану және терроризм: Әдістері, мотивтері және оған қарсы күрес шаралары» атты семинар өтті

«Экономика, басқару және құқық факультеті», Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар кафедрасының және Халықаралық қатынастар клубының ұйымдастыруымен «Radicalization and Terrorism: Methods, Motivations and Counter Measures» (Радикалдану және терроризм: Әдістері, мотивтері және оған қарсы күрес шаралары) атты семинар өткізілді. Семинарда «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасының Қауымдастырылған профессоры Гөктуғ Сөнмез арнайы баяндама жасады. Қауымдастырылған профессор Г.Сөнмез, радикалдану және терроризмнің тарихи даму кезеңдерін, негізгі әдістері мен мотивтерін, Дэвид Рапопорттың теориялық тұжырымдасын және радикализм мен терроризмге қарсы күрестің шараларын кеңінен баяндады. Семинар сұрақ-жауаппен жалғасты. Білімгерлер көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.

Напишите свой вопрос

 

    ×