Студенттердің І ғылыми көрмесі өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30-жылдығы мерейтойына және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Филология факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 22 қарашасында «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» атты Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған университетішілік студенттердің І ғылыми көрмесі өтті.
Бұл жиынға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты. Университет ректоры Жанар Темірбекова жаңа форматта өтіп жатқан студенттердің ғылыми постер қорғау көрмесіне сәттілік тілеп, конференцияны құттықтау сөзбен ашты.
Бұл көрменің ерекшелігі білімгерлер ғылыми жұмыстарын постер арқалы көрсете отырып, комиссия алдында қорғап шықты. Комиссия тарапынан сұрақтар қойылып, әр жұмыс бағаланды. Дәстүрлі баяндама оқумен алмастырылған бұл ғылыми көрменің қорытындысы бойынша: 1-орынды Омарбекова Айдана қанжығасына байлады. Ал, 2-орын Раева Венера, Исатай Ботакөз иемденсе, 3-орынға Борантай Ақмарал, Жарылқасым Шұғыла. Әмірхан Алуа, Тұрарбек Мерей, Смағұл Арайлым лайықты деп табылды.
Жаңа Қазақстан жас ғалымдарының жаңа форматта өткен ғылыми көрмесі көптің көңілінен шықты.

Напишите свой вопрос

 

    ×